Қырғызстанда Лениннің ескерткішін алып тастады

Қырғызстан астанасынан кейінгі ең ірі екінші шаһарда Ошта Владимир Лениннің ескерткіші алынып тасталды,  деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.

Ескерткішті бұзу жұмыстары 7 маусымға қараған түні жүргізілген. Ош қаласының билігі әзірге монументтің басқа жерге көшірілетін-көшірілмейтіні немесе мүлде жойылатыны туралы нақты мәлімет берген жоқ.

Ескерткіш қала орталығында — Махаббат саябағы мен Токтогул Сатылганов атындағы саябақтың жанында орналасқан еді. Ашық деректерге сәйкес, оның биіктігі шамамен 25 метр болған. Бұл — тек аймақта ғана емес, әлем бойынша да Ленинге қойылған ең биік ескерткіштердің бірі саналады.

Бұған дейін Финляндияның Котка қаласында Владимир Лениннің соңғы ескерткіші алынып, Эстониялық мүсінші Матти Варик жасаған бұл мүсін Кюменлааксо облыстық музейінің қоймасына жіберілген болатын. Оның алдағы тағдыры сол жерде шешіледі. Котка қалалық кеңесі бұл монументті 2022 жылдың жазында алып тастау жөнінде шешім шығарған. Белгілі болғандай, ескерткіш бірнеше мәрте вандализмге ұшыраған.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Мәдениет министрлігі Ленин мавзолейін қалпына келтіруге тапсырыс берген еді.