Жаңалықтар

Қытай халқы алдағы 10 жылда 60 миллион адамға қысқаруы мүмкін

Қытайда халық саны қатарынан төртінші жыл азайып келеді.

2025 жылы елде 8 миллионнан аз бала дүниеге келіп, бұл тарихи тұрғыда ең төмен көрсеткіш болды. Сонымен қатар, егде жастағы адамдардың үлесі артып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «24KZ»-ға сілтеме жасап.

Бұл есеп Rhodium Group зерттеу тобының талдауына негізделген.

Сарапшылар бұл жағдай экономикаға, еңбек өнімділігіне және тұтыну деңгейіне айтарлықтай соққы береді деп болжайды. Демографиялық құлдырау елдің ең дамыған жағалаудағы провинцияларына да әсер еткен. Мемлекеттік шығындар, әсіресе зейнетақы мен әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы өсуде. Соңғы деректер бойынша, әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған субсидиялар 425 миллиард долларға жеткен.

Ғалымдар бұл дағдарысты ұзақ жылдар бойы жүргізілген «бір отбасы – бір бала» саясатының салдарымен байланыстырады. Сондай-ақ, өмір сүру құнының өсуі мен әлеуметтік құндылықтардың өзгеруі де бала туу деңгейіне әсер етуде.

Back to top button