TOP-1Экономика

Қазақстан Германияға жеткізе алмай қалған мұнайы үшін қанша табыстан қағылды

Мамыр айында Қазақстанның 260 мың тонна мұнайы Германияға жеткізілуі тиіс болған

Қазақстанның энергетика министрлігі Қазақстан мұнайының “Дружба” бағыты арқылы Германияға тасымалының жабылуы елге ешқандай шығын әкелген жоқ деп есептейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ресей біржақты түрде Қазақстанның Германияға баратын мұнай жолын жапты. Еуразиялық экономиканың одақ интеграциясының 4 еркіндік принципі бар. “Дружба” транзитінің маршрутын біржақты шешіммен өзгерту соған қайшы емес пе?

Осы сұрақты Tizgin.kz порталы энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжанға қойған. Ол бұл сұрақты әділет министрлігіне бағыттауды өтінді. Сонымен бірге, басқа бағдарлар табылған соң осы өзгерістерден Қазақстан еш шығынға батқан жоқ деп сендірді.

“Балама бағыттар бар. Сол себепті Ресей Федерациясының бұл шешімі ешқандай әсер етпейді”, – дейді ол.

Ал бұл мәселе жөнінде энергетика министрлігі мұнайды өңдеу және тасымалдау департаментінің директоры Дәулет Арықбаев былай дейді:

«Дружба» маршруты бойынша «Швед» зауытына мамыр айында 260 мың тонна тасымалдауға жоспарланған. Сол көлем басқа тараптарқа жіберілді. Басқа тараптарға сол мұнайды жеткізуден келген шығындар жайлы айтар болсақ, бұл ақпарат жайлы әзірге бірдеңе деу қиын. Себебі бәрі де жүк тасымалдаушылардың жүгіне байланысты. Шығынды қазір айта алмаймыз. Себебі бұл коммерциялық ақпарат».

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, бұған дейін осы туралы Reuters агенттігі хабарлаған еді. Оның мәліметінше, Ресей Қазақстаннан Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы барып жатқан экспортты тоқтатуды жоспарлап отыр. Саладағы үш дереккөздің айтуынша, жаңартылған экспорт кестесі Қазақстан мен Германия тараптарына жіберілген.

Дереккөздер Reuters агенттігіне анонимді түрде пікір білдіріп, бұл шешімнің нақты себептері ресми түрде жарияланбағанын атап өтті. Алайда сарапшылар мұны геосаяси факторлармен байланыстырады.

Атап айтқанда, Ресей мен Германия арасындағы саяси және іскерлік қарым-қатынастар Украинадағы соғысқа байланысты айтарлықтай шиеленіскен. Берлин Киевті қолдап отыр, ал бұл өз кезегінде энергетикалық байланыстарға да әсер етуде.

«Дружба» құбыры арқылы Қазақстан мұнайы Германияға жеткізіліп келген болатын. Егер бұл бағыт жабылса, Қазақстан үшін балама экспорт маршруттарын іздеу мәселесі қайтадан өзекті болмақ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button