10, 20 жыл болған көліктердің салығы 30%-ға азайтылады
Көлік салығы былтырғы айлық есептік көрсеткіш бойынша есептелмек. Мамандар салық сомасы қозғалтқыш көлемі мен көлікке иелік еткен уақытқа байланысты анықталатынын еске салды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ҚОЗҒАЛТҚЫШ КӨЛЕМІ ЕСКЕРІЛЕДІ
Нақтысында, жеңіл көліктерге салынатын салық 1 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Qazaqstan.tv ақпаратынша, мәселен қозғалтқышы 1500 текше сантиметрден асса, әр қосымша текше сантиметр үшін 7 теңгеден үстеме қосылады.
Яғни, қозлғалтқыш көлемі төрт мың текше сантиметрден жоғары көлік иелері мемлекетке 117 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық төлейді.
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ САЛЫҚ ТӨЛЕМЕЙДІ
Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін екі есе төмендетіледі.
Егер транспортты жыл ішінде сатып алсаңыз немесе сатсаңыз, салық тек өзіңіз иелік еткен айлар үшін ғана есептеледі. Соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, мемлекеттік награда иегерлері және кейбір көпбалалы аналар салықтан босатылады. Ал зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылмаған, – делінген ақпаратта.