Алматыда лифтті тепкілеп, бойжеткенге тап берген адам ұсталды (ВИДЕО)
Алматыда лифт батырмасын қайта-қайта басып, тепкілеп, кейін бойжеткенге шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы жедел шаралар қабылдады. Қоғамдық орында агрессивті мінез көрсетіп, қызға дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы аясында жан-жақты құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі сейсенбі күні.
Бұған дейін аталған оқиға туралы журналист Михаил Козачков видео дәлелдерін жариялап, хабарлаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram