Трамп Иранның жаңа ұсынысын қабылдамады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қақтығысты реттеу хақындағы жаңа ұсынысын жақтыртпады, деп хабарлайды Reuters америкалық шенеунікке сілтеме жасап.
ТЕГЕРАН ҰСЫНЫСЫ ВАШИНГТОНҒА ТИІМСІЗ БЕ
Бұл ақпаратты The New York Times, CNN және The Wall Street Journal басылымдары да растаған.
Таралған мәліметтерге сәйкес, Вашингтон Тегеран ұсынған келіссөздер форматын қолайсыз деп санайды. Атап айтқанда, Иран ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді келіссөздердің кейінгі кезеңіне қалдыруды ұсынған.
АҚ ҮЙДЕГІЛЕР НЕ ДЕЙДІ
Алайда АҚШ тарапы бұл ұстаныммен келіспей отыр. Америкалық билік ядролық мәселе келіссөздердің алғашқы кезеңінен бастап қаралуы тиіс екенін атап өтуде.
Ақ үй өкілі Оливия Уэйлс АҚШ «баспасөз арқылы келіссөз жүргізбейтінін» және өздерінің «қызыл сызықтарын» нақты сызып көрсеткендерін мәлімдеді.