Жаңалықтар

Қазақстанда 14 жастан бастап кәсіппен айналысуға болады – шарты қандай

Қазақстанда 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнес жүргізе алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАНКТЕР АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ ҚАЛДЫРУҒА БОЛАДЫ

Ресми ақпарат 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасында айтылды. Соған сәйкес, кәсіп бастауға ниеттілер ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі арқылы табыс табу мүмкіндігіне ие болады.

Мәлім болғандай, кәсіпкерлік кодексте жеткіншектердің өз ісін жүргізуіне еш кедергі жоқ. 14 жастан асқан ұл-қыздар екінші деңгейдегі банктер немесе е-Salyq business мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыра алады.

Алайда міндетті түрде заңды өкілдердің келісімі қажет. Ал келісім болмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешімі, кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі берілуі шарт, – делінген ақпаратта.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ

Алайда бұған тұрғындардың көзқарасы әртүрлі. Олар жастар ата-анасының бизнесін жалғастырып кетсе, мұның дұрыс еместігін, егер SMM маманы немесе басқа да ұйымдарда істесе, онда құба-құп екенін жеткізді. Тағы бірі 14 жастағылар бизнес бастауға тым кіші, ертең алаяқтар алдап кетуі мүмкін ғой дегенді алға тартты.

Back to top button