БілімЖаңалықтар

«Кресло, жалюзи, комод»: Қазақша баламасын ұсынғандарға ақшалай сыйлық беріледі

Негізгі талап: тұрмыстық зат атауының қазақша баламасын ұсыну, тілтанымдық негіздемесін дәйектеу.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Байқаудың мақсаты – күнделікті тұрмыста орысша қолданылып жүрген зат, құрылғы атауларына мемлекеттік тілде сәтті балама тауып, оны негіздеп беру арқылы ана тіліміздің қорын толықтыру, төл сөздеріміздің әлеуетін арттыру.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мәліметінше, байқау осы жылы 24 сәуір – 13 мамыр аралығында өтеді.

«Байқау шарттары: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақ тілінің ұлттық корпусы (https://qazcorpus.kz/) туралы Instagram неме Facebook парақшаларына пост жариялап, институт парақшасын белгілеу. Төменде берілген тізімнің ішінен 10 тұрмыстық зат атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеу», – деп жазылған хабарламада.

Жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сыйлықтар беріледі. Негізгі талап: тұрмыстық зат атауының қазақша баламасын ұсыну, тілтанымдық негіздемесін дәйектеу.

Байқауға қатысу үшін үміткер байқау шартында көрсетілген тапсырманың жауабын ayagul.omar@gmail.com электрондық поштасына 2026 жылғы 10 мамырға дейін жолдайды.

Тұрмыстық зат атауларының тізімі: кресло, жалюзи, комод, простыня, пододеяльник, одеяло, тумбочка, раковина, удлинитель, миксер, соковыжималка, грильница, термокружка, отпариватель, мультиварка, мантоварка, плед, вытяжка, шлагбаум, фольга, дуршлаг, терка, косяк, карниз, плинтус, гардина, контейнер, розетка, домофон, кондиционер.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 мамырда өтеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Ғылым Ордасы (Кіші зал), Шевченко көшесі, 28

Back to top button