TOP-2Қоғам

Желтоқсаншыларды “ақымақ-мәмбетке” теңеген алматылық мұғалімнің үстінен іс қозғалды

Күдікті ретінде танылған азаматша ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Threads желісінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың даңқына тіл тигізіп,  жалпы Қазақстанға қатысты өрескел қорлайтын сөздер жазған азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиғаға Threads әлеуметтік желісіндегі Виолетта Паршина есімді қолданушының жазбасы себеп болған. Ол 1986 жылғы Алматыдағы трагедиялық оқиғаларға қатысушылар туралы посттың астына ұлттық намысқа тиетін ауыр балағат сөздер жазған. Бұл пікір қазақстандықтар арасында үлкен наразылық тудырып, желі қолданушылары құзырлы органдардан шара қолдануды талап етті.

Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріліп жатыр. Полиция департаменті істің егжей-тегжейін нақтылау үстінде.

Бұған дейін Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде желтоқсан туралы жарияланым астындағы пікірлерде желсоқсаншыларды «ақымақ», «мәмбет», «ауылдан келгендер» деп атағаны туралы жазған болатынбыз

Back to top button