Жаңалықтар

Байқоңырдан зымыран ұшырылды: ғарышкерлерге тағы қандай өнімдер жеткізіледі

Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізіледі.

Станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Роскосмос» мәліметінше, ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа «Орлан МКС» скафандры да жіберілді.

Ғарыш айлағынан «Прогресс МС-34» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні сағат 05:01-де түйіседі деп жоспарланған.

26 сәуірде «Прогресс МС-34» жүк кемесінің ұшырылымы жоспарланған, оның жүгінде ғарышкерлерге арналған 483 кг азық-түлік бар.

«Біздің шолуымызда — «Роскосмос» ғарышкерлеріне арналған азық-түлік жиынтығындағы деликатестер мен жекелеген өнімдер: алмалар, апельсиндер, грейпфруттар, сұйық және қою тағамдар, сондай-ақ шабдалыдан жасалған десерт, йогурттар, қойытылған сүт және печенье», – деп жазылған хабарламада.

Бұдан өзге орбитаға «Нейроиммунитет» (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), «Коррекция» (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), «Биодеградация» (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және «Сепарация» (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберіліп отыр.

Back to top button