Оқиға
Шымкентте 24 метрлік құдыққа құлаған қыз бала құтқарылды
Шымкент қаласында құтқарушылар құдыққа құлаған екі жасар қыз баланы құтқарып алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде төтенше оқиға болғаны хабарланған. Ересектердің қарауынсыз қалған, 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді. Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды.
Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.