ЖаңалықтарҚоғам

Нұржас Садырбаев Димаштың «Voice Beyond Horizon» жобасында топ жарды

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өнерпазды жеңісімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Министр Нұржастың талантын, еңбегі мен сахнадағы шеберлігін атап өтті. Айтуынша, әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, еңбегі лайықты түрде жоғары бағаланды.

Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты, – деді Балаева.

Министр ел мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктерге жетуіне тілекші екенін білдірді.

Back to top button