Жаңалықтар
Үндістанға ем алуға барған қазақстандық жасөспірім қайтыс болды
16 жастағы қазақстандық қатерлі ісік дертімен күрескен.
Үндістанда емделіп жүрген 16 жастағы қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.
Ақпаратты әлеуметтік желіде марқұмның әпкесі жариялады. 16 жастағы жасөспірімнен қатерлі ісік анықталғаны белгілі болды.
«Құрметті Қазақ елі! Інімнің денесін елге тездетіп әкелуге көмектесіңіздерші. Ақша керек емес. Тек елшіліктен көмек қажет. Қатерлі ісік дертінен ем аламын деп Үндістанға кеткен болатын. Жүрегінің тромбысы үзіліп, бүгін қайтыс болды. Кімге, қайда жүгінеміз – белгілеп кетіңіздерші. Үнсіз қалмаңыздаршы», – деп жазды Перизат Болатқызы Threads желісіндегі парақшасында.
Жазбаның астындағы пікірлерде мәселе шешімін тапқаны және жасөспірімнің денесі елімізге жеткізілетіні туралы жазылған.