Экономика

Таяу Шығыстағы шиеленіс: мұнай тағы қымбаттауы мүмкін

Жұма күніндегі жағдайға зер салсақ, мұнай бағасы тағы өскен. Бұған себеп – Таяу Шығыста қақтығыстың қайта өршуі мүмкін деген қауіп, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАҚ НЕ ДЕЙДІ

Reuters мәліметінше, Иранның Ормуз бұғазында жүк кемесіне арнайы жасақ әрекетін көрсететін видео жариялап, Тегеран маңында әуе қорғаныс жүйелерінің «жау нысандарына» соққы жасағаны туралы ақпараттар инвесторлардың алаңдаушылығын күшейтті.

Содан Brent маркалы мұнай 0,94%-ға қымбаттап, барреліне 106,06 долларды құрады. WTI мұнайы 0,73%-ға өсіп, 96,56 доллар болды.

Апталық өсімге зер салсақ, Brent – 17,13%, WTI – 15,13%. Бұл соғыс басталғалы ең жоғары апталық өсімдердің бірі.

Ормуз бұғазы жабылуы мүмкін деген жаңалық жаһандық мұнай мен сұйытылған газ жеткізілімдерінің шамамен 20%-ына қауіп төндіреді, бұл нарықтағы қысымды күшейтіп отыр.

ТРАМП ӘСКЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІНЕ СЕНІП ОТЫР

Бейсенбі күні де баға 3%-дан астам өсіп, геосаяси шиеленіс пен Иран ішіндегі саяси қарама-қайшылықтар салдарынан барреліне шамамен 5 долларға қымбаттаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтып, америкалық әскерилер кез келген қауіптің көзін қысқа мерзімде жоя алатынын мәлімдеді.

Haitong Futures сарапшылары қазіргі «уақытша тыныштықты» қақтығысқа дайындық кезеңі деп бағалайды. Егер сәуір соңына дейін келіссөздер нәтиже бермей, әскери шиеленіс қайта күшейсе, мұнай бағасы биыл жаңа тарихи максимумдарға жетуі мүмкін.

МӘН-ЖАЙЫ

Инвесторлар Ормуз бұғазының қауіпсіздігі үшін тақым қысуда. Иран бұл стратегиялық өткел арқылы өтетін энергия тасымалын бақылауда ұстайтынын көрсетіп отыр.

Қысқасы, нарықта мұнай бағасының динамикасы сұраныс пен ұсыныстан гөрі саяси факторларға тәуелді болып тұр.

Back to top button