Геосаясат

Еуроодақ Украинаға берілетін 90 млрд еуро несиені мақұлдады

Еуропа одағы Украинаға 2026-2027 жылдарға арналған ірі көлемдегі несиені түпкілікті бекіту рәсімінде маңызды қадам жасады. Еуроодаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері Киевке 90 млрд еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетуге алдын ала келісім білдірді, деп жазады DW.

Бұл мәселе бірнеше ай бойы Венгрияның ветосына байланысты шешілмей келген. Сәрсенбі, 22 сәуір күні Еуроодаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері ауқымды көмек пакетін ұсынуға алдын ала келісім білдірді. Бұл туралы ротациялық негізде ЕО-ға төрағалық етіп отырған Кипр елшісі мәлімдеді.

Енді несие беру мәселесі Еуропалық одақ кеңесінде түпкілікті бекітілуі үшін жазбаша рәсімнен өтеді. Күтіліп отырғандай, бұл рәсім бейсенбі, 23 сәуір күні күндіз аяқталады.

DW-дің Брюссельдегі тілшісінің мәліметінше, сөз ЕО-ның көпжылдық бюджетіне енгізілетін түзетуді бекіту туралы болып отыр. Бұл – Киевке несие беруді іске қосу үшін қажет соңғы техникалық кезең. ЕО елшілерінің шешімі несиені түпкілікті бекітуге жол ашты.

2026-2027 жылдарға арналған 90 млрд еуро көлеміндегі несие, Ресейдің кең ауқымды әскери агрессиясына бесінші жыл қарсы тұрып отырған Украинаға қолдау көрсету мақсатында, 2025 жылдың желтоқсанында келісілген. Алайда ол ұзақ уақыт бойы Венгрияның қызметінен кетіп жатқан үкіметі тарапынан бұғатталып келген.

Парламенттік сайлаудан кейін жеңіске жеткен «Тиса» оппозициялық партиясының жетекшісі Петер Мадьяр Украинаға берілетін несиені бұғаттамайтынын мәлімдеп, Будапешттің бұл қаржыландыруға қатысуды жоспарламайтынын жеткізді.

Еурокомиссияның экономика жөніндегі комиссары Валдис Домбровскис 21 сәуірде Брюссель алғашқы траншты мамыр айының соңы мен маусым айының басында аударуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Back to top button