Жаңалықтар

Прокурор Жанабыловтарға қандай жаза берілуі мүмкін екенін айтты (ВИДЕО)

Астанада ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтардың соты бүгін де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бүгін сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтуы тиіс еді. Алайда сотқа Ерболат Жанабыловтың әйелі Эльмира Төлегенова келмей қалды.

Адвокаты оның ауырып қалғанын хабарлады. Сот “ендеше ауырып қалғаны турасында анықтама әкелсін” деп, екі сағатқа үзіліс жариялады.

Екі сағаттан соң да Төлегенова сотқа келген жоқ. Ал адвокаты оның расында да ауырып қалғанын растайтын анықтаманы сотқа тапсырды.

Соттан кейін блогер Жанабыловтардың ісіндегі прокурор Олжас Хайруллаев сотталушыларға шартты жаза да берілуі немесе айыппұл да салынуы мүмкін екенін айтты.

Жанабыловтар дәл осындай лотерея ойнатқан блогерлер тек айыппұлмен құтылып кеткеніне наразылық білдірді. Сонда әкімшілік жауапкершілікті мойындамаған блогерлер бірден қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Tizgin.kz прокурорға осы сұрақты қойған.

«Мен басқа блогерлердің іс-әрекетіне жауап бере алмаймын. Себебі мен олардың ісін білмеймін. Мен тек осы іске қатысты сұрақтарға жауап бере аламын», – деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button