Салымдар 33 миллиард теңгеге азайды. Қай банктер салымы көп күйде қалды?
Қазақстан екінші деңгейлі банктердегі бизнес салымдарының жиынтық көлемі бір айда 1,6%-ға азайды.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі салымдар көлемі 47,2 трлн теңгені құрады . Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1%-ға (немесе 33,4 млрд теңгеге) аз. Салым көлемі бойынша үздік он банк ішінде тек 4 екінші деңгейлі банк қана өсім көрсетті, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы ranking.kz-ға сілтеме жасап.
Елдегі ірі банктер арасында салымдардың айлық өсімі бойынша айқын басымдықпен Bank RBK көш бастап тұр: өсім +6,3% (немесе 114,1 млрд теңге), жалпы көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті. Қаржы институты халық пен бизнес тарапынан сенімге ие және екі клиент санатына да танымал өнімдерді ұсынады.
Мәселен, халыққа арналған негізгі өнімдердің бірі — Safe жинақ депозиті. Бұл салымның басты артықшылықтары — 10%-дан 19,1%-ға дейінгі (ЖТСМ — 10%-дан 20%-ға дейін) жоғары сыйақы мөлшерлемесі, сондай-ақ оның әрекет ету мерзімі бойы қызмет көрсету комиссиясынсыз (тарифтерге сәйкес) премиум төлемдік дебеттік картаны тегін шығару мүмкіндігі.
Сонымен қатар Bank RBK премиум карталарының иелері нарықтағы бірегей бейілділік бағдарламасына қол жеткізеді. Бұл бағдарлама 8% мөлшерінде кешбэк есептеуді қарастырады, бұл отандық нарықтағы ең жоғары кешбэк деңгейлерінің бірі болып саналады.
Айлық оң динамика көрсеткен банктердің қатарында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған Отбасы банк те ерекшеленді: өсім +4,2%, көлемі 3,5 трлн теңгеге жетті.
Сонымен қатар, Kaspi Bank (+0,8%) және Еуразиялық банк (+0,2%) те өсім көрсетті.
Айта кетерлігі, Bank RBK ірі екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арасында заңды тұлғалардың салымдары бойынша да көш бастап тұр: бір айда бірден +13,1% (немесе 130,6 млрд теңге) өсіп, көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті. Мұндай өсім банктің бизнес тарапынан жоғары сенімге ие екенін көрсетеді. Қазақстандағы ЕДБ-дегі салымдардың негізгі бөлігін халық қалыптастырып отырған кезеңде бизнес сегментіндегі осындай жоғары көрсеткіш ерекше маңызды. Жалпы алғанда, Bank RBK өз жұмысында бизнесті, әсіресе шағын және орта бизнесті (ШОБ) жан-жақты қолдауға бағытталған.
Bank RBK-ден бөлек, үздік 10 ЕДБ ішінде айлық өсім көрсеткен жалғыз банк — корпоративтік бағытқа маманданған америкалық еншілес ұйым Ситибанк Қазақстан болды: өсім +2%, көлемі 904,2 млрд теңге.
Жалпы алғанда, сектор бойынша Қазақстан ЕДБ-дегі бизнес салымдарының жиынтық көлемі бір айда 1,6%-ға (немесе 310 млрд теңгеге) азайып, 19 трлн теңгеден сәл төмен болды.
Анықтама үшін: заңды тұлғалардың салымдары Қазақстан ЕДБ жиынтық портфелінде 40,2%-ды құрады. Бұл 2026 жылғы 1 ақпандағы 40,8%-бен, бір жыл бұрынғы 41,7%-бен, бес жыл бұрынғы 48,7%-бен және он жыл бұрынғы 55,5%-бен салыстырғанда төмен көрсеткіш.