TOP-2Жаңалықтар
Соңғы сөз: блогер Жанабыловтың жары сотқа келмеді
Астанада ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтардың соты бүгін де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бүгін сотталушылар соттағы соңғы сөзін айтуы тиіс. Алайда сотқа Ерболат Жанабыловтың әйелі Эльмира Төлегенова келмей қалды.
Адвокаты оның ауырып қалғанын хабарлады. Сот “ендеше ауырып қалғаны турасында анықтама әкелсін” деп, екі сағатқа үзіліс жариялады.