Экономика

Ұлттық қор табысы 64 млрд доллардан асты

Қазақстан Ұлттық банкі өткен кезеңдерде Ұлттық қордан алынған қаражаттардың оның табыстылығына қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

СТАТИСТИКА НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, өткен жылдың қорытындысында Ұлттық қордың табыстылығы рекордтық деңгейге жетіп, 8,7 миллиард долларды құраған.

Өткен жылы трансферттер мөлшері әлі де үлкен болғанына қарамастан, қордың көлемі өсті. Егер 2024 жылдың соңында ол 58,8 миллиард долларды құраса, өткен жылдың соңында ол 63,9 миллиард долларға жетті. Қазір Ұлттық қордың нарықтық құны 64,6 миллиард долларды құрайды, – деді ол.

ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық қор қаражатын пайдалануға жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр ма деген сұраққа Молдабекова жауап беріп, контрциклдік бюджет ережесіне сәйкес трансферттер қазірдің өзінде шектелгенін атап өтті.

Кепілдендірілген трансферттер бюджет ережесімен өте консервативті мұнай бағасына байланысты қатаң шектелген, ал мақсатты трансферттер мемлекеттік шығындар бойынша белгіленген шекті мәнмен шектелген, – деп атап өтті Молдабекова.

Оның айтуынша, былтыр жалпы трансферттер (кепілдендірілген және мақсатты) көлемі 5,2 триллион теңгеден асқан, ал 2026 жылы ол 2,2 триллион теңгеге дейін төмендеген.

 

Back to top button