Жаңалықтар
Металл қалдықтарын елден экспорттауға жарты жылға шектеу енгізілді
Металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан сыртқа шығаруға салынған тыйым ұзартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бұйрыққа қол қойып, шектеу шеңберіне қандай металлдар кіретінін нақтылды. Аталған құжатқа сәйкес, республика аумағынан көліктің барлық түрінен бөлек, мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ құрамында қорғасын, кадмий немесе сынап бар өзге де қалдықты шығаруға алты ай уақытқа тыйым салынады. Одан бөлек:
- қара металл қалдықтары мен сынықтары, қайта балқытуға арналған қара металл құймалары (шихталық құймалар);
- пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол табаны мен жылжымалы құрам элементтері.
Бұйрық осы жылдың 1 мамырында өз күшіне енеді.