Тергеу

“Бәрі тұрмысқа шыққан соң басталды”: Ақтаудағы студенттің өліміне кім кінәлі

1 қаңтар күні Ақтауда пәтерлердің бірінен жас қыздың мәйіті табылды. Полиция мұны суицид деп танып, істі жапқанымен ата-анасы бұған сенбей отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ҰРЫС-КЕРІС ТЕЗ-АҚ БАСТАЛҒАН

Анасы Гүлзира Демеуованың айтуынша, 24 жастағы Маржан есімді қызы биыл жергілікті медициналық колледжді тәмамдап, стоматолог дипломын алуы керек болған. Бірақ жоспардың күл-талқаны шықты.

Былтыр наурыз айында Маржан стоматологпен отау құрды. Жас жұбайлар қыздың оқуы аяқталғанша Ақтауда пәтер жалдап тұруды жөн көрді. Күйеуінің жанұясы Ақшұқырда тұрады.

Дегенмен көп ұзамай екеуара ұрыс-керіс жиі шыға басталды. Күйеуінің туыстары олардың Ақшұқырға қайтып, үй тірлігімен айналысуын талап еткен.

“Маржан ол жаққа барғысы келмеді. Оқуын аяқтап, жұмыс істеуді жөн көрген. Болмағанда, оқуын тәмамдағанша Ақтауда тұратын болып күйеуімен болатын”, – деді Гүлзира Демеуова.

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Жаңа жыл қарсаңында бойжеткен жоспарларын бөлісіп, күнделікті істерін айтқан. 1 қаңтарға сұлулық салонына ламинация жасатуға, 15 қаңтарға массажға жазылған, сондай-ақ қыркүйекте күйзеліс салдарынан болған түсіктен кейін оңалтудан өтуді жоспарлапты. Сонымен қатар Маржан жүргізушілер курсында оқып, 26 қаңтарға емтиханға жазылып қойған.

Дегенмен жыл басында Гүлзира Демеуоваға қызының өз үйінде асылып қалғаны туралы хабар жеткен. Әйелдің айтуынша, оған бәрінен соң естірткен.

Іс ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (“Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу”) бойынша қозғалды. Алайда, жәбірленуші тараптың пікірінше, тергеу аясында оқиғаның себептерін анықтау үшін қарастырылған барлық мүмкіндік толық пайдаланылмаған. Атап айтқанда, марқұмның психоэмоционалдық жағдайына тиісті баға берілмеген, соның ішінде өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу нұсқасын тексеруде маңызды мәні бар тиісті арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

АТА-АНАСЫ КІМНЕН КҮДІКТЕНЕДІ

Сондай-ақ Гүлзира Демеуова, жекелеген процестік әрекеттер негізді мерзімдерді бұза отырып және тиісті процестік бекітусіз жүргізілгендігін айтты. Бұл тергеу қорытындыларының дұрыстығына әсер етуі мүмкін көрінеді.

“Бәрі “екінші тарап” пайдасына орайластырылып жатқандай сезім пайда болды. Ал мәйітке жасалған медициналық сараптама Маржанның мұны өз еркімен істегені немесе біреудің “көмектескені” туралы нақты жауап бермеді”, – дейді әйел.

Отбасы қабылданған процестік шешімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы мен объективтілігі принциптеріне сәйкес келмейді және олардың тиімді қорғалу құқығын бұзады деп есептейді.

Маржанның ата-анасы мен барлық туыстары оны біреу өлтіргеніне сенімді.

“Маржан мақсатшыл қыз болатын. Бар пәле тұрмысқа шыққаннан соң басталды. Айтпақшы, ол бұл адамға екі рет бас тартқан еді, бірақ ол бәрібір өзіне тұрмысқа шығуға көндірді. Бұдан жақсы ештеңе шықпады, күйеуінің туыстары оны тек тегін жұмыс күші ретінде көрді. Мен бұның суицид екеніне сенбеймін: жағдай қаншалықты қиын болса да, ол өз еркімен өмірден кетпес еді”, – деді анасы.

 

Back to top button