Оқиға
Мейрамбек Қосжан22.04.2026/09:01
Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды
Алматы полициясы бұрынғы әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Тергеу 16 наурыздағы оқиғадан кейін басталған: өнерпаздың жұбайы өзін ұрып-соқты деп мәлімдеген, алайда кейін бұл сөзінен бас тартып, ешқандай талап қоймаған. Жәбірленушінің шағымы болмағандықтан, іс заңды негізде жабылды.
Бұл – мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың жиенінің отбасындағы алғашқы жанжал емес.
2023 жылдың қазан айында іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған болатын, ал желтоқсанда жұбайына қайта қол көтергені үшін өнерпаз 10 тәулікке қамауға алынған.