TOP-1Эксклюзив

3,2 трлн теңге берешегі бар ҚТЖ тағы $1 млрд қарыз алады

Қарыздың тең жартысын 5 жыл ішінде, қалған жартысын 10 жылда қайтару керек

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы $1 млрд көлемінде облигация тартатынын ең бірінші Bloomberg агенттігі жазған болатын. Директорлар кеңесінің шешімі сол мәліметті растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

$1 млрд қарыз еурооблигация күйінде тартылмақшы. Облигациялар сыртқы және ішкі нарықтарда (KASE мен  Astana International Exchange) шығарылады.

Борыш екі траншпен жүргізілуі мүмкін. $500 млн-ға дейін деп белгіленген бірінші транштың мерзімі – 5 жылға дейін, екіншісі – 10 жылға дейін.

Облигациялар кеңес шешімінде облигациялар Англия мен Уэльс құқығы бойынша рәсімделетіні айтылған.
Қарызға ұлттық компания құрамындағы «Қазтеміртранс» АҚ мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің актив кепіл ретінде қойылады. Кепіл негізгі қарызд бен сыйақыны толық қамтиды, комиссия мөлшерлемесі – 0%.
Құжатта облигация арқылы тартылатын қарыз инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатыны көрсетілген.

Күні кеше «Teniz Capital Investment Banking» ертең аталған еурооблигацияларға KASE мен AIX арқылы өтінім қабылдайтынын хабарлады.

Ұлттық компанияның қаржылық есептеріне сүйенсек, 2024 жылы кәсіпорынның жалпы қарызы 2,65 трлн теңге болған. Ал 2025 жылдың алғашқы жартысында бұл сома 2,95 трлн теңгеге дейін жеткен. Осылайша ҚТЖ-ның борыш жүктемесі үш жылда ғана 3 трлн теңгеге жақындаған.

Былтыр күзде компания Wabtec компаниясымен 300 жүк локомотивін сатып алу және қызмет көрсету туралы мәмлеге келген болатын. 2034 жылға дейін жоспарланған жобаға 4,2 млрд доллар (2 трлн теңге) инвестиция салу қажет. Сондай-ақ, Citibank-тен 1,6 млрд доллар көлемінде қаржы тарту туралы мандаттық келісім жасалған.

Еске сала кетейік, былтыр ұлттық компания басышсы Талғат Алдыбергенов ҚТЖ бүкіл қарызын төлеп жатқанын, ал бонустарды бөлу мәселесін директорлар кеңесі шешетінін айтқан еді. Сол тұста ол “ҚТЖ-да 3,2 трлн теңге қарыз бар. Бірақ ұлттық компания ақшаны береді. Былайша айтқанда, біздің табыс шығындарды уақытында жабуға жетеді” деген болатын.

Back to top button