Жаңалықтар

Астанада үш бала өртеніп көз жұмған үйдің шатырынан жас жігіт секірмек болған

Оқиға бүгін, 2026 жылыы 20 сәуірде болған

Ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырының үстінде ер адамның тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт бойынша елорда тұрғыны, 18 жастағы азамат анықталды, ол болжам бойынша биіктен секіргісі келген», – деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жедел қызметтер мен психологтар келді. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Төменгі жақта биіктіктен құлаған жағдайда соққыны жұмсарту үшін құтқару үрлемелі жастығы жайылды.

Back to top button