Ақтөбе тұрғындары даладағы жағымсыз иіске шағымданды

Ақтөбеліктер қаланы жайлаған сасық иіске шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон» мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp buttontelegram buttonfacebook button


Иконка комментария блок соц сети0

Жағымсыз иіс бірқатар аудандарда сезілген.

«Ауамен тыныстау мүмкін емес! Балалармен үйге жүгіріп кірдік, терезелерді жауып, желдеткіш қостық, – деп шағымданды Ақтөбе тұрғыны Алтынай. – Бұл қалыпты жағдай ма? Экологтарымыз жұмыс істей ме өзі?»

«Кешке ұшқыштар училищесінің жанынан өтіп бара жатқанда, сондай сасық иіс шықты, жүрек айниды! Қасымыздан велосипедпен балалар өтіп бара жатты, біреуі мұрнын киімімен жауып алыпты. Қалада не болып жатыр?» – дейді ақтөбелік Сәния.

Адамдар жағымсыз иіске шағымданып жатқанына қарамастан, экологтар оның ошағын әлі таба алмаған.