Жаңалықтар

Украина Назарбаевтың ескерткішін алып тастаудан бас тартты

Украина билігі Каменское қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған барельефті демонтаждаудан бас тартты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Монументті алып тастау бастамасын қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов көтеріп, Назарбаевтың кеңестік жүйемен байланысын және оның Владимир Путин-мен қарым-қатынасын атап өткен.

Алайда Украинаның ұлттық жады институты демонтаж жасауға негіз жоқ деген қорытындыға келген. Мекеме басшысы Александр Алфёров барельефте тыйым салынған символика жоқ екенін және оның декоммунизация мен «ресейлік империялық саясат» туралы заңдарға жатпайтынын мәлімдеді.

Барельеф Каменское қаласындағы (бұрынғы Днепродзержинск) училище ғимаратының қасбетінде орналасқан. Назарбаев бұл оқу орнында 1958-1960 жылдары білім алған. Ол 2005 жылы орнатылған.

Back to top button