Қоғам

«Қыз Жібек» фильмінің камзолы Баян Алагөзованың қолына қалай өтіп кеткені анықталып жатыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киіміне қатысты жариялаған жазбасына байланысты түсініктеме таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Айта кетейік, күні кеше продюсер актриса Меруерт Өтекешова киген камзол өзіне берілгенін айтып, оны киіп, видеосын желіге жариялаған. Продюсерді камзолды алғаны үшін сынап пікір қалдырғандар да, қолдағандар да бар.

«Біріншіден, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталып жатыр. Екіншіден, «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған», – дейді министрлік.

Қазір «Қазақфильм» жанынан заманауи талаптарға сай келетін ауқымды музей ашу жоспарланып отыр. Аталған музейде отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар қойылып, келушілерге кеңінен таныстырылатын болады. Министрлік мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін, сондай-ақ қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты ақпарат беруге әрдайым дайын екенін атап өтеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button