TOP-2Білім

Бектенов Астана медуниверситетіне неге «ұлттық» мәртебе берілмейтінін түсіндірді

Астана медицина университетіне «Ұлттық университет» мәртебесі мен оқу орнына академик Төрегелді Шарманұлы Шармановтың есімін беру мәселесін бұған дейін сенаторлар көтерген еді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов олардың бұл бастамасына жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазір университет елдегі жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі әріе медициналық білім беру, ғылым және клиникалық тәжірибе саласында беделі жоғары. Сенаторлар аталған бастаманы көтерген кезде оқу орнында 11 мыңнан астам студент оқитынын, оның ішінде 20 елден келген 700-ден астам шетелдік студент барын атап өткен. Университет халықаралық және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие.

“Алайда «Білім туралы» заңға сәйкес университетке Ұлттық мәртебе беру қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Бұл ретте республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезінде әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға бюджет қаражатын бөлуге мораторий енгізілгенін ескеріп, бұл мәселені кейінге қалдырған жөн деп пайымдаймыз”, – делінген жауапта.

Бектенов сонымен бірге, заңды тұлғаларға атау беру мәселесі тиісті мемлекеттік ономастикалық саясат шеңберінде қаралатынын әрі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ономастикалық комиссияларының қатысуымен жүзеге асырылатынын атап өткен.

Back to top button