Жаңалықтар

Шымкентте «Coca-Cola» брендін жамылып қолдан сусын жасағандар ұсталды

Қала базарларында жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Coca-Cola» брендімен қолдан жасалған өнімдерді сату фактілері анықталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әділет министрлігі мәліметінше, тТексеруге құқық иеленуші – «The Coca-Cola Company» компаниясының ресми өтініші негіз болған. Компания өздерінің айрықша құқықтарының бұзылғаны және қала сөрелерінде шығу тегі күмәнді өнімдердің пайда болғаны туралы мәлімдеген.

​Қала базарларының аумағында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында контрафактілік салқындатқыш сусындардың ірі партиясын сату фактісі расталды. Өнімдерде қолдан жасау белгілері, таңбалау стандарттарының бұзылуы және құқық иеленушінің тиісті рұқсат құжаттарының болмауы анықталды.

​​Анықталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (Бөтеннің тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін соларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

​Іс материалдары сотқа жолданды.

Back to top button