TOP-2Жаңалықтар

Әшімбаев жаңа партиялар туралы ойын айтты

Бүгін кулуарда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев  жаңа саяси партиялардың құрылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, жаңа Конституция партиялық жүйенің дамуына жаңа серпін береді. Әсіресе, бір палаталы Парламент – Құрылтайдың партиялық тізімдер арқылы қалыптасуы бұл бағыттағы рөлді күшейтеді.

Сондай-ақ ол «Әділет» партиясын құру туралы кеше ғана шыққан ақпаратқа қатысты ойын айтты.

«Ел азаматтары қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды еркін құра алады. Ең бастысы, процесс заң талаптарына толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Осы орайда партиялық бәсекелестіктің дамуы, жаңа партиялардың пайда болуы Қазақстанның ары қарай қарқынды дамуына ықпал етеді», – деді ол.

Әшімбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін қуатты әрі бәсекеге қабілетті саяси партиялардың болуы аса маңызды.

Айта кетейік, кеше бір топ азамат «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын ресми түрде мәлімдеген еді.

Back to top button