Жаңалықтар

Атырауда полиция басқармасының басшысы тергеуге алынды

Атырауда қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев қызметінен босатылып, қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жоспарлы қызметтік тексеріс кезінде Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы тарапынан заңға қайшы әрекеттер фактілері анықталды.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Белгіленген тәртіппен ол ішкі істер органдарынан босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ведомство мәліметінде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Back to top button