TOP-2Без рубрикиОқиға

Павлодардағы әскери бөлімде атыс болды: бір адам қаза тапты

Павлодар қаласында әскери бөлімдердің бірінде атыс болды. Соның салдарынан бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы бірі жарақат алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІІМ мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкерлердің қатысуымен болған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды», – деп хабарлады ІІМ.

Ведомство бұл дерек бойынша қылмыстық істер қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын қосты. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Back to top button