Тергеу

ШҚО-да 13 жасар қызды зорлаған адам өмір бойына түрмеге қамалды

Аппеляциялық сатыда іс қайта қаралып, жасөспірімді зорлаған адамға үкім өзгерді, деп хабарлайды  Tizgin.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскеменде аппеляциялық сатыда қаралған іс бойынша қыздың ата-анасы да сөз алды. Олардың айтуларынша, 30 жастағы ер адам оқушыны далаға апарып, жыныстық қатынасқа тартты.

Бірінші сатыдағы сот бұл әрекетті өзара келісім негізінде болған деп танып, айыпты «Зорлау» бабынан «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бабына қайта саралады.

Соған сәйкес кәмелетке толмағанмен байланыс үшін ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Қыздың туыстары бұл үкімді әділетсіз деп, жазаны қатаңдатуды талап етті.

Апелляциялық сот айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

«Апелляциялық инстанция істі қарау барысында сотқа дейінгі тергеу толық көлемде жүргізіліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері орындалды деген қорытындыға келген. Апелляциялық сот пікірінше, бірінші сатыдағы сот тергеу барысында жиналған заңды әрі негізді дәлелдердің барлығын толық ескермеген», – деді адвокат Жанболат Әкежанов.

Back to top button