TOP-2

Bayansulu мен композитордың дауына нүкте қойылды

Белгілі әнші Баянсұлу Сағындықова мен композитор Қуат Әбіл арасындағы дау өзара келісіммен аяқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тараптардың айтуынша, туындаған мәселе толық шешімін тапқан.

«Баян қарындасымызбен туындаған мәселелерге байланысты даудың бүгін нүктесін қойдық. Барлығы орнында, өзара келісімге келдік. Бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ. Айып етпеңіздер. Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет. Баянсұлу, сізге ары қарай табыс тілеймін», – деді композитор Қуат Әбіл.

Өз кезегінде әнші де келісімге келгенін растады.

«Бізде барлығы шешілді. Екі жақта да ешқандай қарсылық жоқ. Айтарым осы», – деді Баянсұлу.

Еске сала кетейік, бұған дейін Баянсұлу Сағындықова мен оны танымал еткен әндердің авторы Қуат Әбіл арасында авторлық құқық пен қаламақыға байланысты дау туындаған еді. Композитор еңбегі үшін жеткілікті төлем алмағанын айтса, әнші бастапқы келісім бойынша ақы төленгенін алға тартқан.

Осы жанжал аясында YouTube платформасындағы кейбір бейнебаяндарға уақытша шектеу қойылып, кейін келіссөздер нәтижесінде қайта жүктелген болатын. Алайда мәселе толық шешілмей, тараптар арасындағы келіспеушілік біраз уақытқа созылған еді.

Back to top button