Жаңалықтар

Өскеменде жаңа дүкеніне “біртүрлі” атау қойған кәсіпкер қамалды

Кеше өзін осы дүкен өкілімін деп таныстырған ер адамның көпшіліктен кешірім сұраған бейнежазбасы тараған болатын. Қала әкімдігі бүгін сол оқиғаға байланысты тағы бір мәліметті жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Сәуірдің 11-і күні Өскеменде «Bashpai» дүкенінің ашылуына байланысты жергілікті атқарушы органдар келісімінсіз жаппай іс-шара ұйымдастырылған. Тегін тағам таратылып, тауарлар төмендетілген бағамен сатылған. Бұл азаматтардың жаппай жиналуына себеп болды”, – делінген мәліметте.

Одан бөлек, қоғамдық тәртіп те бұзылған көрінеді.

“Аталған факт бойынша Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – делінген ақпаратта.

Back to top button