Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тиісті өкімді Мемлекет басшысы шығарды.

Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Кәрібаев тағайындалғанға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында басшылық қызмет атқарған.

30 наурызда Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылған болатын.

Сәуір айының басында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлері мен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындау туралы өкімге қол қойды.

Атап айтқанда, Махсут Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осы өкіммен президент Бағлан Үсербаевты «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы етіп тағайындады.

Back to top button