Ұлттық қордан алынған ақша күрт көбейген – Ұлттық банк түсініктеме берді
І тоқсандағы мәліметке сенсек, Ұлттық қор түсімі 184 млрд теңгені көрсетті. Бірақ осы үш айда республикалық бюджетке трансферт ретінде 800 млрд теңге бөлініп, қордан алынған қаржы түскен ақшадан 4 есе асқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.
НАУРЫЗДАҒЫ КӨРСЕТКІШ
Бұл жөнінде үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Айтуынша, елдің жалпы халықаралық резерві наурыз соңына қарай 129,5 млрд долларды құраған.
ОРЫНБАСАР НЕ ДЕДІ
Жамаубаев Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві 67,2 млрд долларға дейін артқанын жеткізді. Алайда Ұлттық қор активтері 2,5%-ке азайып, 62,3 млрд долларды көрсетті.
«Бірінші тоқсанда Қорға келіп түсетін түсімдер 184 млрд теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 800 млрд теңгені құрады», – деді министр.