Оқиға

Астанадағы үш баланың өлімі: дәрігерлер әйелдің жағдайын айтты

Зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр көрінеді. Нақтырақ мәліметті қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БАСҚАРМА ТАРАТҚАН МӘЛІМЕТ

Сәуірдің 12-сі күні “Көркем-3” тұрғын үй кешенінде болған өрттен үш бала бақиға аттанды. Зардап шеккен әйел №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылған.

“Қазір пациент жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланған”, – делінген басқарма ақпаратында.

Аталған басқарманың баспасөз қызметі оқиға орнында жедел медициналық көмектің үш бригадасы жұмыс істегенін алға тартты.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні елордадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерлердің бірінде болды.

Пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды, ол денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.

Back to top button