Оқиға
Астанада пәтер өртеніп, үш бала көз жұмды
Елордада түнде Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, пәтердің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар күйік алған әйелді аман алып қалып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Ол көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан үш баланың мәйіті табылды.
Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан. Өрт толық сөндірілді, оның шығу себептері анықталып жатыр.
Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі.