Тергеу

Жетісуда әйелді күрекпен ұрған ер адам қамауға алынды

Жетісу облысында әйелге жасалған шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Tizgin.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Облыстық Полиция департаменті ақпаратынша, тәртіп сақшылары қазір дене жарақаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық және объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген ақпаратта.

КҮДІКТІ ҚАМАУДА

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

«Криминальный Казахстан» Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға 3 наурыз күні түстен кейін Суықсай ауылында болған. Мәліметтерге сәйкес, 49 жастағы мас ер адам ауылдық амбулатория меңгерушісі балаларымды балағаттады деп жанжал шығарып, тап берген. Әйел оған ескерту жасағанда ол оны күрекпен ұрған, сосын басына соққы жасады. Ер адамды жергілікті тұрғындар тоқтатыпты. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, ауруханада ем алып жатыр.

Back to top button