Жаңалықтар

“Дикий Арман” әйелімен ажырасты

20 жылға сотталған, «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің ажырасып кеткені белгілі болды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы, қырғызстандық дизайнер Айкөл Аликжанова әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, екеуінің бір қызы бар. Ажырасқысы келетінін Жұмагелдиевтің өзі айтқан. Сөзінше, араларында ешқандай бас араздығы жоқ.

Айкөл Аликжанова – қырғызстандық актриса және модель, «Мисс Қырғызстан – 2014» және «Мисс Интернет KG – 2012» байқауының жеңімпазы. Кейінгі жылдары көпшілік дизайнер ретінде біледі.

ҚАҢТАР ІСІ

Қаңтар оқиғасынан кейін Жұмагелдиевке және тағы ондаған адамға қатысты іс қозғалған. Сот үкімімен ол 20 жылға сотталды. Бұрынғы депутат Қайрат Құдайберген – 8 жыл, ҰҚК полковнигі Руслан Ысқақов – 15 жыл 6 ай алды.

Бас прокуратураның мәліметінше, олар адамдарды күштеп ұстап, қару таратқан. Ресми дерекке сәйкес, Жұмагелдиев 24 адамды Алматыдағы қонақүйлердің паркингтерінде ұстап отырған.

Back to top button