TOP-2Тергеу

Жауапсыздық па – Ақнәрдің анасы тергеу ісіне наразы

Былтыр Алматыда көп қабатты үйден құлап, қаза болған 22 жастағы Ақнәр Гүлістанның қазасына қатысты іс әлі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақнәрдің анасы Гүлістан Хамит істің болғанына бір жыл тоғыз ай (628күн) өтсе де, тергеуге әлі күнге дейін нүкте қойылмағанын мәлім етті. Ол мынадай сұрақтарға әлі жауап берілмегенін айтады.

  • Ақнәр ісі не үшін кабинеттен кабинетке көшіп жүр?
  • Бұл істің созылуы ,бұрмалауға салынуы жүйелік мәселе ме, әлде жеке жауапсыздық па ?
  • 628 күн ішінде тергеу қандай нақты нәтижеге жетті?
  • Қай орган істің созылуына нақты жауапты?
  • Неге осы уақытқа дейін кінәлілер бостандықта жүр? (жазба түпнұсқасы сақталды)

Анасының айтуынша, Ақнәр ісі Алматы қаласы бостандық аудандық полицся бөлімшесінде (20,07,2024-20.10.2024), Алматы қаласы ПД-да (20.10.2024-20.05.2025), Алматы қаласы Антикор және Алматы қаласы прокротурасында (15.06.2025-01.03.2025), ҚР ІІМ тергеу тобы (05.03.2025-қазырге дейін) кабинеттерінде кезек-кезек тергелген.

Бойжеткеннің өлімінен бір жыл тоғыз ай өтсе де, оқиға болған түні пәтерде не болғаны анық емес. Ақнәр ол үйге 19 шілде күні кешкі 19:40-та кіріп, түнгі 2:54-те 7 қабаттан құлаған. Гүлістан қызының қазасын оқиға күні жанында болған екі құрбысынан көреді. Істе екі қыз – қорғануға құқығы бар куәгер.

Гүлістан Хамит бұған дейін Алматы қаласы құқық қорғау органдарына сенімсіздік танытатынын айтып, тергеуді Астанада жүргізуді сұраған болатын.

Ақнәрдің өліміне байланысты қозғалған істі әуелде полиция жүргізген, кейін жемқорлыққа қарсы агенттікке өткен. Ол агенттік маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған соң іс қазір осы комитеттің құзырында. Алайда марқұмның анасы істі Бас прокуратура өзінің бақылауына алса дейді.

Back to top button