Қыз баланың тағдырын ойрандатудан қорқам – Димаш
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада өтіп жатқан Freedom Inside ‘26 бизнес форумында неге осы күнге дейін үйленбей жүргенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Әнші өзіне Қазақстаннан келіп-кетіп жүргенде бақылау қызметкерлері, таксиге кірсе такси жүргізушілері, үйде жүрсе туған-туысқандары “қашан үйленесің?” деген сұрақты қоятынын айтады.
“Шынымды айтсам, қатты сезімге беріліп, қыз баланың тағдырын ойрандатудан қорқам. Қыздарымыздың қадірін қатты қастерлегендіктен бе, бұл тақырыпқа мен басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін сол кісімен соңына дейін бір жастықта қартаюды армандаймын.
Әлеуметтік желілерде кездесіп қалып жатады: қарындастарымызды, әпкелерімізді ренжітіп жататындар аз емес. Біздің еркектігіміз бен азаматтығымыз қыз баласын, қарындастарымызды, әпкелерімізді сыйлап, көңілін тасытып, еркетеліп отырсақ, біздің еркектігіміз содан көрінеді”, – дейді Димаш Құдайберген.