Оқиға

Талғардағы төбелес – полиция тексеріс жүргізіп жатыр

Талғар қаласында бір топ жігіт өзара жанжалдасып, әлдекімдер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

БІРІ БАЛАҒАТТАП, БІРІ ЖҰДЫРЫҚ ЖҰМСАҒАН

Онда біреуі балағат сөздер айтып, екіншісіне жұдырық жұмсағаны көрінеді. Соққыдан жалтарып, екіншісі айналып қашып жүр.

Бейнежазба Талғар тұрғындарының көп қабатты үйлердің бірінен түсірілген.

«Талғарлық жастар түнгі уақытта топтасып, жанжал шығарып жүр. Қалада профилактикалық жұмыстарды шұғыл түрде күшейту қажет сияқты. Айта кетейік, 2023 жылдан бері Алматы облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы – Мәди Ахметов. Оның нақты немен айналысып жүргені және халық қаржысы есебінен қандай жұмыс атқарып отырғаны түсініксіз», – деп жазды Egovpress телеграм арнасы.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматы облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ оған қатысы бар тұлғаларды белгілеуге бағытталған қажетті жедел-іздестіру және тексеру шараларын жүргізуде», – делінген ақпаратта.

Полиция тексеру қорытындысынан кейін қатысушылардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнама аясында тиісті құқықтық баға бермек.

Back to top button