ЖаңалықтарЭкономика

5%-дық ипотека: жаңа бағдарламаға кімдер қатыса алады

Freedom Bank жақын уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі аясында ипотекалық несие беруді бастайды. Бұл туралы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов мәлімдеді.

Жаңа заңнамаға сәйкес іске асатын бағдарлама бойынша ипотека мөлшерлемесі жылына 5-10% аралығында болады.

Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар алдын-ала банкте депозит ашып, қаражат жинауы қажет. Себебі ипотека беру кезінде клиенттің жинақ деңгейі мен арнайы рейтингі ескеріледі.

Банк өкілінің дерегінше, жинағы көп әрі рейтингі жоғары азаматтар жеңілдетілген несиені алу мүмкіндігіне бірінші болып ие болады.

Back to top button