Оқиға

Атырауда пышақ ұстаған адам курьерді қорқытқан – істің мән-жайы (ВИДЕО)

Атырау қаласында курьерлердің бірі шабуылға ұшырағанын мәлімдеген. Оқиға оның айтуынша Жұлдыз шағын ауданында болған. Tizgin.kz бұл оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінен сұрап білді.

Желілерге тараған ақпараттар бойынша, курьер тапсырысты жеткізу барысында тапсырыс беруші үйінен пышақ ұстап шығып, оған қарай бет алғанын мәлім еткен. Видеода немесе оның жазбасында әлгі адамның не себепті пышақ ұстап шыққаны жазылмаған.

«Әзер қашып құтылдым. Бірден 102 нөміріне хабарластым. Бірақ менің білуімше, ол адамды кейін босатып жіберген», — делінген оның хабарламасында.

Сондай-ақ ол күдіктінің айналасына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, тиісті шара қолдануды талап еткен

Атырау облыстық полиция департаменті оқиға 20 наурыз күні болғанын хабарлайды.

«Полицейлер құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаны анықтап, оған қатысты алкогольдік мас күйде күйде қоғамдық орында жүргені және бұзақылыққа жол бергені үшін, аталған мекен-жай бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін іс-құжаттар жинақтап, істі сотқа жолдаған. 23 жастағы азамат жауапкершілікке тартылған. Бірақ сол кезде жәбірленші арыз жазудан бас тартқан», – делінген полиция хабарламасында.

Сотта жабылған істің 20 күнге жуық уақыттан кейін қайтадан неліктен видеосы тарап, шу шығарып жатқаны белгісіз. Осы себепті полиция қазір қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп  жатқанын хабарлайды.

Back to top button