Без рубрикиЖаңалықтар

Қазақстанда 9 мамырда әскери парад өткізілмейді

Қазақстанда 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алайда ведомство әскери-патриоттық бағыттағы бірқатар іс-шара ұйымдастырады. Атап айтқанда, ерлік сабақтары өткізіліп, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Сонымен бірге экологиялық акциялар, әскери оркестрлер шеруі, шығармашылық ұжымдардың концерттері мен әскери техника көрмелері жоспарланған.

Бұдан бөлек, «солдат ботқасы» акциясы ұйымдастырылып, ашық есік күндері өткізіледі.

Еске салайық, 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ауқымды деңгейде өткен болатын. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам техника, сондай-ақ 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан.

Back to top button