Экономика

Дрондар шабуылы КҚК арқылы экспортталатын мұнай тасымалына қалай әсер етті

Каспий құбыр консорциумына дрондар шабуылдаған соң қазір қазақстандық мұнай тасымалы қалай жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ВИЦЕ-МИНИСТР БРИФИНГТЕ НЕ АЙТТЫ

Ресми ақпаратпен Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бөлісті.

Әріптестерімнің мәліметінше, барлық мұнай бағыттары бойынша жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр, КҚК арқылы экспорт та қалыпты түрде жалғасуда. Сондықтан әріптестер бұл ақпаратты қосымша нақтылап, сіздерге толық мәлімет береді деп ойлаймын, – деді вице-министр Үкімет үйінде өткен брифингте.

МӘН-ЖАЙЫ

Еске сала кетсек, 5 сәуір күні Ресейдің Қара теңіздегі ең ірі мұнай терминалдарының бірінде дрон шабуылы салдарынан өрт болды. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевтің айтуынша, ұшқышсыз аппарат сынықтары бірнеше кәсіпорын аумағынан табылған.

Кейін Энергетика министрлігі магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды қабылдау мен тасымалдау қалыпты жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Экспорт жоспарлары белгіленген кестеге сәйкес орындалып жатыр.

Back to top button