Спорт

Әлімханұлы бұрынғы қарсыласымен қайта жұдырықтаса ма

Көпшілік британдық Дензел Бентлимен қазақстандық боксшының жолы түйіссе, әжептәуір айқас болады деп отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап сайты.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, допинг дауынан соң бір жыл спорттан шететтілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) Дензел Бентлимен 2022 жылдың қараша айында жекпе-жек өткізді. “Qazaq Style” сонда төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

4 сәуір күні Бентли Лондонда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эндри Саавердамен (17-2-1, 14 КО) шаршы алаңға шықты. Жетінші раундта британдықтың ауыр соққыларынан кейін бас төреші жекпе-жекті жедел тоқтатып, техникалық нокаут тіркеген еді.

БЕНТЛИДІҢ ҚАНДАЙ АТАҒЫ БАР

Осылайша, Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағына қол жеткізді. Ол енді толыққанды чемпион титулын иемдену үшін Жәнібек Әлімханұлымен кездесуі керек.

Қазақ боксшысының дисквалификация уақыты биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде. Жәнібек Әлімханұлының 2025 жылы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг қолданғаны белгілі болды. Сол үшін әлемдік бокс қауымдастықтары оны жазалап, IBF чемпиондық белбеуін алып қойды, ал WBO оны бір жылға спорттан шеттетті.

Back to top button