Оқиға

Атырауда көлік қаққан 1-ші сынып оқушысы көз жұмды

Атырауда 6 сәуір күні таңертең қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Нұрсая шағынауданында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің маңында автокөлік жеті жасар қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Тараған ақпаратқа сәйкес, бала сабаққа бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп келе жатқан. Осы сәтте оны көлік қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқушы жедел жәрдем бригадасы келгенше оқиға орнында көз жұмған.

КӘУГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

Куәгерлер қайғылы жағдай басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болғанын айтады. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жеткенімен, бала аман қалмаған.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button